Жаңалықтар

Астанада кәмелетке толмаған екі жасөспірім көліктен ұрлық жасаған

Астанада кәмелетке толмаған екі жасөспірім көліктен ұрлық жасаған
Фото: видеодан алынған кадр 18.09.2023 15:08 984

Астанада кәмелетке толмаған екі жасөспірім қаланы аралап, құлпы ашылған көліктен ұрлық жасаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Күндіз екі жасөспірім қаланы аралап, құлпы ашылған көліктерді іздеген. Сөйтіп, олар Абылай хан даңғылындағы автотұрақта көліктердің тұтқасын тартып көріп, құлпы ашылған көлікті тауып алады. Автокөліктің ішіне кірген жасөспірімдер кабинадан Xiaomi Redmi телефонын көріп, оны бірден жымқырып кеткен.

Дәл сол күні олар Момышұлы даңғылындағы үйдің ауласында келе жатып, ашық тұрған Volkswagen Golf көлігін тауып, одан әмиян ұрлап, 30 мың теңге шығын келтірген. Сонымен қатар, бұзақылық ниетпен көліктің капотына және алдыңғы әйнегіне жазулар жазып, сызып кеткен.

Жедел іздестіру шаралары барысында Алматы аудандық полиция қызметкерлері жасөспірімдердің жүрген жерін анықтады. 14 және 17 жастағы елорда тұрғындары істеген істеріне кінәлі екендерін мойындады.

Айғақты заттар тәркіленіп, кәмелетке толмағандар ата-аналарына берілді. Елордада бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға