Жаңалықтар

Астанада көркемөнер мектебі оқушылары арасында жас суретшілер байқауы өтеді

Астанада көркемөнер мектебі оқушылары арасында жас суретшілер байқауы өтеді
11.12.2018 02:07 2302

14 желтоқсанда Астананың Достық үйінде көркемөнер мектебі оқушылары арасында «Біздің Отанымыз-Мәңгілік Қазақстан!» атты жас суретшілер байқауы өтеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау жас ұрпақ арасында патриотизмді тәрбиелеуге, талантты балаларды дамытуға және оларға қолдау көрсетуге, жас суретшілердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға, бейнелеу өнеріне қызығушылықты арттыруға, жаңа шығармашылық көркемдік идеяларды іздестіріп, оны дамытуға бағытталған.

Байқауға Астана қаласы Оқушылар сарайы бейнелеу өнері студиясының оқушылары, «Индиго-студио» жеке көркемөнер мектебінің оқушылары, 6-дан 15 жасқа дейінгі Астана қаласы №18 көркемөнер мектебінің оқушылары қатысады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға