Жаңалықтар

Астанада интимдік қызмет көрсеткен шетелдіктер анықталды

Астанада интимдік қызмет көрсеткен шетелдіктер анықталды
Фото: © Pixabay.com 06.03.2024 09:20 820

Астанада көші-қон қызметінің қызметкерлері жергілікті рейдтік іс-шаралар жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ мәліметінше, пәтерлер, хостелдер, жатақханалар, құрылыс нысандары, өндірістік аймақтар мен базарлар тексерілді.

Бір күн ішінде елордада елімізде болу тәртібін бұзған 119 шетелдік ұсталды.

Шетелдіктердің интимдік қызмет көрсетуі бойынша 5 факті анықталды.

Қоқыс өңдеу зауытының аумағында заңсыз жұмыс істеп жүрген Өзбекстанның 37 азаматы табылды.

ІІМ көші-қон қызметі комитеті көші-қон заңнамасын сақтауға шақырады. Сондай-ақ уәкілетті органның тиісті рұқсатынсыз жұмыс берушінің шетелдікті бірнеше рет жұмысқа қабылдағаны және жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін пайдалану қағидаларын бірнеше рет бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға