Жаңалықтар

Астанада «INFORMATICS-ASIA» компьютерлік жобалар байқауы басталды

Астанада «INFORMATICS-ASIA» компьютерлік жобалар байқауы басталды
Фото: gov.kz 18.12.2023 19:34 827

Астанада ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «INFORMATICS-ASIA» халықаралық компьютерлік жобалар байқауы басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жарысқа 4 мемлекеттен 184 жобамен 450 оқушы қатысады.

Байқаудың негізгі мақсаты:

- IT саласында ғылыми зерттеушілікке қызығушылық танытатын дарынды жастарды анықтау, қолдау және дамыту;
- IT саласын дамытудың тиімді құралы ретінде дарынды оқушылардың ғылыми-зерттеу әрекетіне негізделген жаңа жобаларды әзірлеу;
- Әртүрлі елдерден оқушылар мен мұғалімдерді тарту арқылы халықаралық ынтымақтастықты нығайту және шығармашылық тәжірибе алмасу.

Жарыс ағылшын тілінде жүргізіледі және алты бағыт бойынша өтеді: Робототехника - FLL Challenge және Arduino Hackathon; Компьютерлік бағдарламалау; Компьютерлік графика және өнер; Қолданбалы ғылыми жобалар; Қысқаметражды фильмдер; Қолданбалы математика жобалары.

Айта кету керек, аталмыш білім бәйгесі Қазақстанда 10 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде іс-шараға 20 мемлекеттен 5000-ға жуық оқушы қатысты. Жарыстан үздік шыққан жүлдегерлер еліміздің және әлемнің беделді ЖОО гранттарына ие болып, қазіргі таңда мемлекетіміздің әр саласында видеограф, дизайнер, программист сияқты жұмыстар атқарып келеді.

Байқау 18 желтоқсан күні қорытындыланады.

Байқау ұйымдастырушылары: ҚР ОАМ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қоры болып табылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға