Жаңалықтар

Астанада индустриялық парк құрылады

Астанада индустриялық парк құрылады
Фото: © Pixabay.com 14.11.2023 16:34 1509

«Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының қызметі туралы «ASTANA INVEST» ҚИДО» ЖШС Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу департаментінің директоры Алмат Әлімбай айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.   

Қазіргі уақытта Astana Invest басқаруында екі елордалық арнайы экономикалық аймақ бар. Бұлар «Астана - жаңа қала» 2026 жылдың соңына дейін және «Астана - Технополис» 2042 жылға дейінгі мерзіммен іске қосылады.

«Астана - жаңа қала» АЭА алаңның қолданылу мерзімі 25 жыл және 2026 жылдың соңында аяқталады.

Бүгінгі таңда №1 ЖК өнеркәсіптік объектілерінің инвестициялық портфелі 97 жобаны құрайды, олардың жалпы құны 310,4 млрд теңге, бүгінгі күнге 274,6 млрд теңге салынды, оның ішінде 247,08 млрд теңге сомасына 50 жоба пайдалануға берілді, 5213 тұрақты жұмыс орны құрылды. Іске қосылуы алдағы үш жыл ішінде күтілетін 2574 жұмыс орнын құрумен жалпы құны 75 млрд теңге, бүгінгі күнге 24,56 млрд теңге салынған 50 жоба іске асырылу сатысында тұр, - дейді «ASTANA INVEST» ҚИДО» ЖШС Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу департаментінің директоры Алмат Әлімбай.

«Астана-технополис» АЭА жалпы ауданы 736,6 га, оның ішінде №2 ИП - 433,1 га, Назарбаев Университеті - 151,3 га, су - жасыл бульвар - 47,5 га, КТО - 18 га, аурухана - 21 га, ATM ауданында - 65 га.

Бүгінгі таңда «Астана - Технополис» АЭА аумағында 200 тұрақты жұмыс орнын құрумен 24 млрд теңге сомасына 4 жоба жұмыс істейді. NURIS технопаркі дүниежүзілік ғылыми парктер және инновациялық даму аймақтары қауымдастығының - Science Parks and areas of Innovation толық мүшесі болып табылады. Технопарк резиденттерінің саны 21 компанияны құрайды, оның ішінде 13 резидент «Астана - Технополис» АЭА қатысушылары болып табылады.

Бүгінгі таңда жоғарыда аталған жұмыстардан басқа ұқсас алаңдарды құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Оның ішінде № 2 Индустриялық парк құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда ТЭН түзету жұмыстары соңғы сатысында тұр. Осы алаң шеңберінде біз 500 млрд теңгеден астам сомаға 150-ге жуық өндірістік жобаны оқшаулауды күтеміз. 2025 жылдың І жарты жылдығына № 2 Индустриялық парктің инфрақұрылымын салуды бастау жоспарлануда. Бұдан басқа, аграрлық-индустриялық аймақты құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Тұжырымдама жобасына сәйкес 50 млрд теңгеден астам сомаға 20-дан астам жобаны орналастыру жоспарлануда, - дейді А.Әлімбай.

«Астана - жаңа қала» АЭА құрылған сәттен бастап мынадай нәтижелерге қол жеткізілді:

- өндіріс көлемі – 7 077 млрд теңге, оның ішінде 2023 жылдың 3 тоқсанында – 793,84 млрд теңге, 2022 жылы – 1 226 млрд теңге (2019 жылы – 550 млрд теңге, 2020 жылы – 805,6 млрд теңге, 2021 жылы – 1 022 млрд теңге).

- экспорт көлемі – 115,5 млрд, оның ішінде 2023 жылдың 3 жартыжылдығында – 15,73 млрд теңге, 2022 жылы – 21,4 млрд теңге (2019 жылы – 10,8 млрд теңге, 2020 жылы – 28,5 млрд теңге, 2021 жылы – 16,5 млрд теңге).

- салық аударымдарының көлемі – 212,8 млрд теңге, оның ішінде 2023 жылдың 3 жартыжылдығында - 39,5 млрд теңге, 2022 жылы – 44,1 млрд теңге (2019 жылы – 7,06 млрд теңге, 2020 жылы – 18,2 млрд теңге, 2021 жылы – 32,144 млрд теңге).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға