Астанада II Елизаветаның құрметіне сквер ашылады
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
13.03.2023 17:41
755
2023 жылғы 17-18 наурызда Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Сыртқы істер, достастық және даму министрі Джеймс Клеверли Қазақстанға келеді. Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Джеймс Клеверли Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың қабылдауларында болады. Сонымен қатар Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшылығымен келіссөздер ұйымдастырылады.
Сапар аясында Астана саябақтарының бірінде II Елизавета атындағы сквердің ашылу салтанады өтеді, - деді СІМ өкілі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыға жақын маңда жер сілкінді