Жаңалықтар

Астанада «Хас шебер» фестивалі өтеді

Астанада «Хас шебер» фестивалі өтеді
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі 08.12.2023 22:54 808

Елорда тұрғындары үшін 17-19 желтоқсан күндері «Хас шебер» фестивалі ұйымдастырылады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен фестиваль Республика көшесі, 34 мекенжайында орналасқан «Жастар» сарайында сағат 9:00 ден 18:00 дейін өтеді.  Елімізде бұрын-соңды болмаған отандық өнімдердің белгісін білдіретін қолөнершілер туы тігіледі.
Қолөнершілер туы КИнЭС рекордтар кітабына енгізіледі.

Фестивальдің дресс-коды – ұлттық киім. Фестиваль барысында көрме-жәрмеңке ұйымдастырылады. Жәрмеңкеден түскен қаржының 10 пайызы қарттар үйіне жұмсалады. Сонымен қатар қолөнершілер жұртшылыққа арнап мастер-класс өткізеді, сол сияқты қазақ халқының ұмыт болған салт-дәстүрлері және қызықты ойындар ұйымдастырылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға