Астанада халықаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды
EL.KZ Информационно-познавательный портал
01.12.2022 20:15
Фото:
ult.kz
Астанада темекі тұқылын тастаған шетелдік жауапқа тартылды. Ал тексеріс кезінде оның халықаралық іздеуде жүргені анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Полицейлер Есіл ауданындағы Е-753 көшесімен келе жатқанда темекі шегіп тұрған үш адамды көрген. Біреуі темекі тұқылын жерге тастай салған. Оны көрген тәртіп сақшылары айыппұл хаттамасын рәсімдейді. Ал тексеріс кезінде Өзбекстанның 31 жастағы азаматы халықаралық іздеуге жүргені анықталды.
Ұсталған ер адам Ресей Федерациясында алаяқтық жасаған. Ал өз елінде біреуге қасақана ауыр дене жарақатын салған. Сол үшін мемлекетаралық іздеуге жарияланған.
Қазіргі кезде шетелдік уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оны экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

