Жаңалықтар

Астанада гастроэнтерологиялық форум өтіп жатыр

Алғаш рет форум жұмысына отандық мамандармен қоса ТМД елдерінен де ересектер мен балалар гастроэнтерологиясы мәселелерін зерттейтін танымал сарапшылар қатысуда
Астанада гастроэнтерологиялық форум өтіп жатыр
Фото: gov.kz 03.11.2022 20:21 1335

Елордада Астана медицина университеті қабырғасында  халықаралық сарапшылардың қатысуымен XVII Жыл сайынғы "Астана - гастро 2022" атты гастроэнтерологиялық форум өз жұмысын бастады, деп хабарлайды El.kz.

Бұл туралы Денсаулық сақтау минстрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Форум Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, WGO (Дүниежүзілік гастроэнтерологтар қауымдастығы), Қазақстанның Ұлттық гастроэнтерологтар қауымдастығы, "Назарбаев Университеті" Медицина мектебінің және "UMC" КҚ Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының қатысуымен ұйымдастырылды.

Алғаш рет форум жұмысына отандық мамандармен қоса ТМД елдерінен де ересектер мен балалар гастроэнтерологиясы мәселелерін зерттейтін танымал сарапшылар қатысуда.

Асқазан-ішек жолдарының қатерлі ісікке дейінгі аурулары, ерте және сапалы диагностика мүмкіндіктері, мақсатты терапияның жаңа жолдары: созылмалы атрофиялық гастрит, Герд, асқазан мен өңештің эпителий емес және эпителий аурулары мәселелері кеңінен жарияланады.

Форум алаңында Қазақстандағы С гепатитін жоюдың мемлекеттік бағдарламасы мәселелері, COVID-19-дың салдары, сондай-ақ оларды шешу жолдары талқылануда. Балалар мен ересектердегі ішек патологиясын, клиникалық жағдайларға негізделген балалардағы бауыр онкологиялық ауруларын диагностикалау және емдеу мәселелеріне ірі бір бөлім арналған.

Аталмыш Форум гастроэнтеролог-гепатологтар, терапевтер, онкологтар, педиатрлар, эндоскопистер, сәулелік диагностика мамандары, хирургтар, студенттер, резиденттер мен магистранттар арасында тәжірибе, білім алмасуға арналған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға