Жаңалықтар

Астанада Есіл ауданының әкімі тағайындалды

Астанада Есіл ауданының әкімі тағайындалды
Фото: Астана қаласы әкімдігі 28.02.2024 18:14 761

Астанада ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша меритократия қағидатына сәйкес, Есіл ауданының әкімі тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл лауазымға 42 жастағы Дарменияр Қыдырбекұлы кірісті. Ол 4 жылдан астам уақыт Есіл ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Еңбек жолын 2006 жылы «Мүлһин» Қоры» қоғамдық бірлестігінде бастаған. Әр жылдары қоғамдық және жеке құрылымдарда жұмыс істеді.

2019 жылғы 19 қарашадан бастап – Астана қаласы Есіл ауданы әкімінің орынбасары болған.

Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек аудан мен елді мекендерді дамыту бойынша бірқатар міндеттер жүктеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға