Жаңалықтар

Астанада ер адам LRT құрылысына асылып қалған

Астанада ер адам LRT құрылысына асылып қалған
Фото: Видеодан алынған кадр 24.09.2024 12:36 418

Әлеуметтік желілерде Астанадағы LRT құрылысына асылып қалған ер адамның видеосы тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақпаратты қалалық Полиция департаменті растап, оқиғаның №73 мектептің маңында, Нәжімеденов көшесінде болғанын алға тартты.

Видеодан ақ жейде, қала шалбар киген ер адамның LRT құрылысының темір бағанына асылып қалғанын көруге болады.

«102» арнасына Нәжімеденов көшесінің бойындағы құрылыс нысанында ер адамның асылып тұрғаны туралы ақпарат түсті. Полиция марқұмның жеке басын анықтады, оның жасы 38-де екен. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның анық-қанығы анықталады, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға