Астана қаласы әкімдігі

Астанада "Еңбек жолы" конкурсына өтінім қабылдау басталды

Астанада «Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы» идеясын насихаттау мақсатында «Еңбек жолы» конкурсына өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қала әкімдігі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, конкурс 3 номинациядан тұрады:

1) «Үздік еңбек әулеті» – ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаты бар әулет таңдалады;
2) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» – жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады;
3) «Өндірістің үздік жас маманы» – жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады.

Өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 1 шілдеге дейін жүргізіледі. Конкурс жөнінде толық ақпаратты  Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасынан білуге болады.