ҚР МКҚ

Астанада еліміздің үздік FPV-дрон операторлары анықталды

26.09.2025 21:09

Астана қаласында ҚР МКҚ ұйымдастыруымен күштік құрылымдар FPV-дрон операторлары арасында «Millitary Drone Race 2.0» турнирі өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Сайыс пилотсыз авиациялық жүйелерді (ПАЖ) жауынгерлік және кәсіби даярлықта қолдану саласын дамытуға, оны киберспорт аспектілерімен және озық технологиялармен кіріктіруге, бөлімшелердің техникалық әлеуетін жетілдіруге бағытталған. Турнир сонымен қатар, осы сала мамандарының кәсіби деңгейін арттыруға, олардың өзара белсенді әрекеттесуін, білімі мен тәжірибесімен бөлісуін қолдауға арналған.

ҚР МКҚ

Турнир бағдарламасы ПАЖ басқару бойынша бірнеше жаттығу кіретін екі кезеңнен тұрды.

ҚР МКҚ

Сайыс жүлделері жолында мемлекеттік күштік құрылымдар FPV-дрон операторларының 14 командасы бақ сынады. Екі күндік сайыс нәтижесінде мына құрамалар жеңіске жетті:

1 орын - ҚР МКҚ 1-командасы;

2 орын - ҚР МКҚ 2-командасы;

3 орын - ҚР ҰҚК «А» қызметі командасы.

ҚР МКҚ

Күштік құрылымдар FPV-дрон операторларының сайысы  екінші рет өткізілді. Алғашқы турнир 2025 жылғы сәуірде өткен, оның жеңімпаздары қатарында ҚР МКҚ, ҚР ҰҚК «А» АМҚ, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты командалары болған еді.

ҚР МКҚ