Жаңалықтар

Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты басталды

Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты басталды
Фото: Видеодан кадр 27.03.2024 16:33 794

Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікке ілінген бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың соты басталды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Сот отырысынан онлайн трансляция жүргізіліп жатыр. Сот отырысына журналистер қатысып жатыр, бірақ бұқаралық ақпарат құралдарына алқабилерді сурет және видеоға түсіруге тыйым салынды.

Айта кетейік, Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау 11-12 наурызда өтті.
Бүгін елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу өтті.

Алқабилер алқасына 12 адам таңдалды: 10 – негізгі құрам, 2 – қосалқы.

Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған:
• 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы (аса қатыгездікпен адам өлтіру);
• 110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (қинау).

Қуандық Бишімбаев шешімді алқабилер қабылдағанын қалайтынын айтып, оның шешімі қанағаттандырылды. Ал жақында Мәжіліс алқабилер сотына қатысты жаңа ереже бекітті. Заң жобасы бойынша, қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралып, соңында алқабилер кеңесу бөлмесінде қалады.
Депутаттар істі қарап отырған судья алқабилермен бір бөлмеде қалмауы керек деген норманы енгізіп отыр. Судья өзінің кабинетінде отыруы керек, алқабилер судьясыз шешім қабылдап, сол хаттаманы кәсіби судьяға табыс етіп, сол бойынша ол шешім шығаруы қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға