Жаңалықтар

Астанада экоакция кезінде 500 тоннадан астам қоқыс шығарылды

Астанада экоакция кезінде 500 тоннадан астам қоқыс шығарылды
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі 16.06.2024 04:32 405

«Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» этологиялық акция аясында 300-ден астам адам қар полигоны маңайында тазалық жұмысын ұйымдастырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара мердігер ұйымдардың, жергілікті белсенділердің, аудандық әкімдік қызметкерлерінің және Қорғаныс министрлігінің «68665 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі сарбаздарының белсенді қатысуымен өтті.

Сонымен қатар, тазалық жұмысына 15 бірлік мамандандырылған техника жұмылдырылды. Бірлескен күш-жігердің нәтижесінде 500 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Астанада апта сайын эко іс-шаралар өтіп жатыр.

Айта кету керек, ауқымды экоакция аясында қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық кәрізі, көшелерді, тротуарларды, кварталішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмысы жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, жасыл желектерді күтіп-ұстау және отырғызу, сауда нысандарына іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарларды орнату, рұқсат етілмеген полигондарды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға