Астанада екінші ауысымның оқушылары онлайн оқиды
Ақмарал Ағзамқызы El.kz тілшісі
21.12.2023 11:53
Фото:
©El.kz/Мади ИСКАКОВ
Астана қаласының әкімдігі оқушылар қашықтан оқитыны туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
21 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, Астанада және Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жарияланды.

