El.kz

Астанада екінші ауысымдағы оқушылар ауа райына байланысты онлайн оқитын болды

07.11.2024 11:11

Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымдағы мектеп оқушылары сабағын онлайн оқитын болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2024 жылғы 7 қараша күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, - делінген Білім басқармасының хабарламасында.

Бұған дейін бірінші ауысымдағы оқушылар онлайн форматқа өткені хабарланған еді.