Астанада екі жұмысшы 14-қабаттан құлап, біреуі қайтыс болды
EL.KZ Информационно-познавательный портал
11.11.2022 17:17
Фото:
alau.kz
11 қарашада Астанадағы көп қабатты тұрғын үй кешендерінің бірінде оқыс оқиға болды, деп хабарлайды El.kz
Астана полициясына жұмысшылардың жоғарғы қабаттан құлағаны туралы хабарлама түскен. Тұрғын үй кешенінің 14-қабатындағы құрылыс жабдығында тұрған екі жұмысшының жерге құлағаны анықталды. Олардың бірі сол жерде қайтыс болды, ал екіншісі ауруханаға жатқызылды.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

