Астанада екі жасар сәби петерде қамалып қалған
Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
14.12.2024 13:33
101
Астанада 112 пультіне 2022 жылы туған сәби пәтерде жалғыз өзі қамалып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға Нұра ауданында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары альпинистік жабдықтардың көмегімен он бірінші қабаттың терезесінен оныншы қабатқа түсті. Осылайша терезе арқылы пәтерге кіріп, есікті ашып, баланы анасына тапсырды. Бүлдіршін зардап шеккен жоқ.
Дәл осыған ұқсас оқиға Есіл ауданында болған. Бұл жолы пәтерде сал ауруына шалдыққан ер адамға көмек керек болды. Құтқарушылар сегізінші қабаттан жетінші қабатқа түсіп, пәтерге терезеден кірді. Содан соң есікті ашып, ер адамды жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды.
https://t.me/qr_tjm/19542
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Астанада ұрлықты кәсіп еткен қылмыстық топ ұсталды