Астанада екі жас жігіт спорттық дүкеннен күртеше ұрлап кеткен
04.01.2024 21:11
Фото:
instagram.com/police_astana
Астанада сауда орталықтарының біріне барған екі жас жігіт спорттық дүкенге кіріп, ондағы күртешені оп-оңай қолды еткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұрлық қылмысын спорттық киімдер дүкенінің қызметкерлері анықтаған. Бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерделеу нәтижесінде жедел уәкілдер 28 және 24 жастағы екі күдіктінің ізіне түскен. Олар бір тәулік ішінде ұсталды.
Оқи отырыңыз:
- Астанада қымбат әтірлерді қолды қылған ер адам ұсталды
- Мешітке намазға келген 18 жасар жігіт iPhone телефонын жымқырып кеткен
Аталған факті Қылмыстық кодекстің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Полицейлер олардың әрқайсысының қылмыс жасауға қатыстылығын тексеруде. Ұрланған зат тәркіленіп алынды. Тергеу амалдары аяқталған соң иесіне қайтарылатын болады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

