Жаңалықтар

Астанада екі қабатты үйде болған өрттен төрт адам қайтыс болды

Астанада екі қабатты үйде болған өрттен төрт адам қайтыс болды
Фото: Астана қалалық ТЖД-нің баспасөз қызметі 17.11.2024 14:21 134

Астанада екі қабатты жеке тұрғын үйден өрт шығып, төрт бала қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорданың ТЖД-нің мәліметінше, құтқарушылар хабарлама келіп түскеннен кейін 6 минутта оқиға орнына жеткен. Өрт алдын аумағы  500 шаршы метрді қамтып, дер кезінде толығымен сөндірілді. Өкінішке қарай, өрт салдарынан 2011, 2015, 2021 және 2022 жылы туған төрт бала өлім құшты.

Қазір қайғылы оқиғаның шығу себебі анықталуда. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиға орнында өрт зерттеу зертханасы жұмыс істеуде, қаза тапқандардың жақындарына Апаттар медицинасы орталығының және Астана қаласы ТЖД психологтары көмек көрсетуде.

Балалардың қаза болуына әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына байланысты жеке екі қабатты тұрғын үйде болған өрт фактісі бойынша ТЖД анықтау бөлімі ҚР ҚК 292-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу нәтижелері тексеру аяқталғаннан кейін айтылады, - деді Астана қалалық ТЖД баспасөз қызметі. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға