Астанада екі көшенің қиылысында жөндеу жұмыстары басталды
15.07.2023 10:20
Фото:
©El.kz/Арман МҰХАТОВ
Астанада жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қорғалжын тас жолы мен Ш.Айтматов көшесінің қиылысында оң жақ съездерде орташа жөндеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана әкімдігінің ресми сайтының мәліметінде аталған жұмыстар қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жүзеге асырылып жатыр.
Осыған байланысты 14-17 шілде аралығында жоғарыда аталған учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылады. Қала әкімдігі елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажеттігін қаперге салып отыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

