Жаңалықтар

Астанада дзюдодан жастар арасында халықаралық турнир өтті

Астанада дзюдодан жастар арасында халықаралық турнир өтті
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі 22.06.2024 23:09 316

Астанада дзюдодан Данияр Макишевті еске алуға арналған жастар арасында халықаралық турнир өтті. Аталған додада Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Белорусь және Өзбекстаннан 150-ге жуық татами шебері 7 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жарыстың ашылу салтанатында Қазақстан дзюдо федерациясының атқарушы директоры Айбек Имашев бұл жарыстың бұқаралық спорттағы рөлі зор екенін атап өтті.

«Бүгінгі халықаралық турнир жастарымыз үшін әлем чемпионаты алдындағы маңызды жарыстардың бірі болып саналады. Жанына дзюдо спортын серік еткен марқұм Данияр Макишевті еске алуға арналған халықаралық турнир бұдан кейін де жалғасын табады деп сенеміз. Алыс-жақыннан келген шетелдік спортшылар да шеберліктерін шыңдады. Жарыс ертең халықаралық оқу-жаттығу жиынымен жалғасады», - деді Айбек Имашев.

Туризм және спорт министрлігі Дене шынықтыру және спорт комитеті төрағасының орынбасары Азамат Имашев, Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Исламбек Байманов, Данияр Макишевтің жаттықтырушысы Ахат Аширов, Данияр Макишевтің әкесі Абай Макишев, дзюдодан әлем чемпионы Максим Раков және әлем чемпионатның күміс жүлдегері Рустам Ибраев халықаралық турнирдің құрметті қонағы болды. 
Қазақстан дзюдо федерациясының мәліметінше, халықаралық турнирдің жеңімпаздары  мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталды.

І орын алған спортшы - 500$, ІІ орынға - 350$, ал ІІІ орынға ие болған жүлдегерге 200$ АҚШ долларынан табысталды. Сонымен қатар «Үздік әдіс үшін» номинациясымен әртүрлі салмақ дәрежелерінде Мұхамедәлі Закиров (Қазақстан), Сардор Еркінов (Өзбекстан) және Жантілек Нұртілепұлы (Қазақстан) Ұйымдастыру комитетінің арнайы ақшалай сыйақымен марапатталды.

Данияр Макишевті еске алуға арналған дзюдодан халықаралық турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлер тізімі:
- 60 кг
1.Мәди Серіков (Қазақстан)
2. Тельжан Сұлтанбай (Қазақстан)
3.Асылхан Зейнуллин (Қазақстан 
3.Нұрсұлтан Бейсембек Қазақстан)

- 66 кг 
1.Береке Рахматұллаұлы (Қазақстан)
2.Санжар Қанафин (Қазақстан)
3.Сухроб Пулатов (Өзбекстан)
3.Бенед Шукуров (Өзбекстан)

- 73 кг 
1.Мұхамедәлі Закиров (Қазақстан)
2.Асадбек Нурбутаев (Өзбекстан)
3.Қанат Әбитұлы (Қазақстан)
3.Антон Дубовик (AIN)

- 81 кг 
1.Данил Крылов (Қазақстан)
2.Досбол Балғабай (Қазақстан)
3.Досхан Жолжақсынов (Қазақстан)
3.Нодербек Мовлонбердиев (Өзбекстан)

-90 кг 
1.Сардор Еркинов (Өзбекстан)
2.Берікбол Жұманбеков (Қазақстан)
3.Азиз Алтынбай (Қазақстан)
3.Нұрдәулет Тынышқали (Қазақстан)

-100 кг 
1.Мейіржан Сламшиков (Қазақстан)
2.Ерасыл Нұртаза (Қазақстан)
3.Бибарыс Райс (Қазақстан)
3.Бағжан Байтас (Қазақстан)

+100 кг 
1.Жантілек Нұртілепұлы (Қазақстан)
2.Шерхан Алпанов (Қазақстан)
3.Ардақ Серіков (Қазақстан)
3.Әлихан Назымхан (Қазақстан).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға