Жаңалықтар

Астанада дүкеннен киім ұрлаған жасөспірім ұсталды

Астанада дүкеннен киім ұрлаған жасөспірім ұсталды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 20.06.2024 13:47 578

Астанада киім дүкенінен ұрлық жасаған жасөспірім анықталды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Есіл ауданы полиция бөлімінің жедел уәкілдері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында дүкеннен ұрлық жасады деген күдікпен 16 жастағы жасөспірімді анықтады. Полицейлерге сауда орталығының қызметкері хабарласып, белгісіз біреу дүкеннен киім-кешектер ұрлап, жалпы құны 100 мың теңгеден астам шығын келтіргенін хабарлаған. 

Тергеу барысында кәмелетке толмаған жасөспірімнің сауда залына келіп, клиент кейпінде тауарды таңдай бастағаны анықталды. Өзіне ұнаған киімдерді алып киіну бөлмесіне барып, ұрлыққа қарсы магниттерін шешіп тастаған. Содан кейін тауарды сөмкесіне салып дүкеннен шығып кеткен. 

Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы тексерілуде. Кәмелетке толмаған жасөспірім мен заңды өкілінің қатысуымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға