Астанада Димаш Құдайбергенге арналған көрме өтті
Астанадағы Ұлттық музейде Қазақстан Республикасының халық әртісі Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған «Димаш: әлемді бағындырып» атты көрмесі ашылды
Көрменің ашылуына Димаштың ата-анасы Қанат пен Светлана Айтбаевтар, Димаштың әжесі Миуа Низамутдинова қатысты.
Біз шығармашылықта шекараның жоқ екендігінің айғағы ретінде әлемнің түкпір-түкпірінен келген адамдарды Астанада тоғыстырғанымызға өте қуаныштымыз. Осы көрмені ұйымдастыру да дәл осы жанкүйерлердің арқасында іске асқаны ақиқат, - деді Қанат Айтбаев.
Димаш видео үндеу түсіріп, қала қонақтарымен емен-жарқын амандасып, өз алғысын білдірді. Көрменің идеялық дем берушісі Димаштың анасы Светлана Айтбаева болды.
Светлана Ермекқызы DimashNews редакциясымен көрменің құрылу тарихы жөнінде былай деді:
Димаш жанкүйерлерін Dears – қымбаттым деп атады. Әр қойылымда, әр концертте Димаштың жанкүйерлері аған көптеген сыйлықтар, кәдесыйлар мен кітаптар сыйлап, хат жазды. Отбасымыз үшін, Димаш үшін және жеке өзім үшін мұның бәрі өте қымбат. Кішкентай әріптерден бастап, Димашқа қолдан тігілген концерттік костюмдерге дейін жинай бастадым. Ал, мен әйтеуір бір күні мұражай жасаймыз деп армандайтынмын. Биыл менің идеямды Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ҚР Ұлттық музейі қолдады. Бірнеше аптадан кейін біз уақытша көрме дайындадық. Музейде музыкалық аспаптармен қосқанда, Димаштың нағыз шеберлердің қолынан шыққан әртүрлі елдерден 35-ке жуық түрлі аспаптар коллекциясы бар. Осындай құнды аспаптарды көріп-білу үшін шағын мұражай жасауды жөн көрдік. Әсіресе, кәсіби музыканттар бұл аспаптарды ерекше құрметпен қабылдайды, - деді Димаштың анасы.