Жаңалықтар

Астанада «Дикая Орда» анонимді Telegram-арнасының авторы сотталды

Астанада «Дикая Орда» анонимді Telegram-арнасының авторы сотталды
Фото: "Құқықтық медиа орталығы" 18.10.2024 19:04 499

2024 жылғы 18 қазанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты журналист Данияр Әділбековке үкім кесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Журналист Данияр Әділбеков адамды сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деп айыптаумен ұласқан пайдакүнемдiк ниетпен көрінеу жалған сөз жеткізу (ҚК 419-бабының 3-бөлігі), сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндіретін көрінеу жалған ақпарат таратудың 2-эпизоды (ҚК 274-бабы 2-бөлігінің 3) тармағы) бойынша; «Дикая Орда» анонимді Telegram-арнасының авторы бола отырып, 2024 жылғы қаңтар және ақпан айларында С.-ның тапсырысы бойынша аталған телеграмм-арнасында лауазымды тұлғаға қатысты оның сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасаған деген бірнеше мақала жариялаған, - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар, күдікті осы әрекетін тоқтатпай, өзінің қылмыстық әрекетін жалғастыра отырып, журналист Е. және Астана қаласы әуежайының бас директоры А.-ға қатысты жалған ақпараттар жариялап, олардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірген. Сотталушылардың кінәсі іс материалдарымен, тиісті сараптамалардың қорытындыларымен дәлелденді.

Сот үкімімен Данияр Әділбековтің бірнеше (3-еу) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағанын ескере отырып, ҚК-нің 419-бабының 3-бөлігі, 274-бабы 2-бөлігінің 3) тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылып, ҚК-нің 58-бабының 3-тармағымен 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға