Астанада демалыс күндердегі жәрмеңке жалғасады
26.11.2024 19:11
Фото:
Астана қалалық әкімдігі
30 қараша және 1 желтоқсан күндері Астанада қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Ол әр демалыс сайын жұмыс істейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайындағы «Koktal» СОО-да өтеді. Жәрмеңке әр демалыс күндері таңғы сағат 10: 00-ден кешкі 22:00-ге дейін жұмыс істейді.
Келушілер Қазақстанның түрлі өңірлерінен – Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан жергілікті фермерлер мен өндірушілерден жаңа өнімдер сатып ала алады.
Жәрмеңкеге қатысушылар жаңа піскен көкөністер мен жемістерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды, джемдерді және т.б. ұсынады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

