Жаңалықтар

Астанада бүгін ШЫҰ саммиті өтеді

Астанада бүгін ШЫҰ саммиті өтеді
Фото: El.kz/Миражан Махан 04.07.2024 09:13 303

Бүгін Астанада әлем көз тіккен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Салтанатты іс-шара алдында келген қонақтарды елорда өнерпаздары күмбірлеген күймен қарсы алып жатыр.

Жалпы саммитке 16 елден президенттер, үкімет басшылары және беделді халықарлық ұйым жетекшілері келді. Алқалы жиын алғаш рет ұйымға мүше мемлекет басшылары кеңесінің отырысы мен кездесуі форматында өтеді.

Астана декларациясынан бастап, «Әділ бейбітшілік, келісім және даму үшін әлемдік бірлік туралы» және «ШЫҰ-ны жетілдіру туралы» бастамалар қабылданады. Сонымен қатар Беларусь Республикасына Ұйымға мүше мемлекет мәртебесі беріледі. Жалпы, мемлекет басшылары өзекті халықаралық әрі өңірлік проблемалардың шешімін қарастырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға