Жаңалықтар

Астанада Бишімбаевтың үкімін жеңілдету үшін пара сұраған әйел сотталды

Астанада Бишімбаевтың үкімін жеңілдету үшін пара сұраған әйел сотталды
Фото: Жоғарғы сот 28.10.2024 19:15 484

Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың үкімін жеңілдету үшін өз қызметін 100 миллион теңгеге ұсынған әйел сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық сот мәліметінше, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен алаяқтық жасауға оқталды және аса ірі мөлшерде пара беруге итермеледі (ҚК 24-бабының 3-бөлігі – 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы, 28-бабының 4-бөлігі – 367-бабының 4-бөлігі) деп айыпталған Г.-ға қатысты үкім шығарды.

Г. 2024 жылдың мамыр айында Н.-ның аса ірі мөлшерде ақшасын иемдену мақсатында үйіне келіп, ұлы Б.-ға қатысты үкімді жеңілдету үшін пара ретінде апелляциялық сатыға беру үшін оған 100 млн теңге беру керек екенін хабарлады.

Әрі қарай, сол күні кешке ол Н.-ға келіп, кезекті әңгіме барысында апелляциялық сатыға пара беруге итермелеуді жалғастыра отырып, оларды лауазымды тұлғаларға беру сылтауымен, бірақ оны орындау ниетінсіз 100 млн теңге сомасында ақшалай қаражатын иемденді. Алайда, сотталушы Н.-ның ақшалай қаражатын алдау жолымен ұрлау жөніндегі әрекеттері оған тәуелсіз мән-жайлар бойынша, яғни сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандарының қылмыстық әрекетті әшкерелеуіне байланысты соңына дейін жеткізілген жоқ.

Сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен, бейнежазбамен және қылмыстық іс бойынша басқа да материалдармен дәлелденді, - делінген қалалық соттың хабарламасында.

Сотта прокурор айыпты қолдап, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Ал сотталушы кінәсін мойындаған жоқ.

Сотта айыпталушының жас балаларының бар екендігі ескеріліп, сот оны қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай деп таныған.

Сот үкімімен алқабилер сотымен Г. ҚК 24-бабының 3-бөлігі – 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы, 28-бабының 4-бөлігі – 367-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылып, қылмыстар жиынтығы бойынша (ҚК-нің 58-бабы) 10 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға