Астанада бірқатар маршруттың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді
03.07.2024 18:13
Фото:
©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ
4 шілде күні Тәуелсіздік даңғылында жүретін бірнеше маршруттың қозғалыс сызбалары уақытша өзгерді. Бұл туралы CTS-ке сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Соның ішінде № 3, 4, 4А, 14, 19, 21, 29, 29А, 32, 40, 43, 50, 58, 66, 84, 202, 203 сияқты маршруттардың сызбасы уақытша өзгерді.
Өзгеріс Тәуелсіздік даңғылындағы көлік қозғалысының шектелуіне байланысты болып отыр.
Осы маршруттардың өзгертілген схемаларын CTS-тің Instagram парақшасынан қарауға болады.

