Астанада бірқатар автобустың бағыты өзгерді
26.10.2024 16:28
Фото:
©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
City Transportation System Астананың кейбір автобустарының қозғалыс маршрутындағы өзгерістер туралы хабарланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін, № 1, 6, 11, 85 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерген.
Өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар.
Сондай-ақ, техникалық ақауларға байланысты желіде қалаға қатынайтын №310 автобус жоқ. №39 автобус та қозғалыс бағытын өзгертеді.

