Астанада бірнеше көше жөндеуге жабылады
05.07.2023 21:55
Фото:
©El.kz/Арман МҰХАТОВ
Елордада жол жөндеу жұмыстарына байланысты Тұран даңғылы ішінара жабылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«109» қызметінің мәліметінше, Тұран даңғылында Сарайшық көшесінен бастап «Тұлпар» көпіріне дейінгі учаскесінде орташа жол жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Олар кезең-кезеңімен атқарылмақ. Осыған байланысты 6-8 шілде аралығында Тұран даңғылынан Сарайшық көшесінен бастап Қорғалжын тасжолына дейінгі учаскесінде қозғалыс толығымен жабылатын болады.
Сонымен қатар 8-10 шілде аралығында Қорғалжын тасжолынан «Тұлпар» көпіріне дейінгі учаскеде қозғалысқа толығымен тыйым салынады.
Астана тұрғындары мен қонақтары жолда кептеліс тудырмау үшін өз маршруттарын алдын ала жоспарлауы қажет.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

