Жангелдин көшесіндегі учаске жөндеу жұмысына байланысты жабылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы таратқан мәліметке сүйенсек, олар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, Жангелдин көшесінде жөндеу жұмысын бастады.
Жөндеу жұмысының жүргізілуіне байланысты 6-10 маусым күндері Жангелдин көшесінің Республика даңғылынан С. Рахимов көшесіне дейінгі учаскесі көлік қозғалысы үшін ішінара жабылатыны белгілі болды.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс жағдайларын болдырмау үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

