pixabay.com

Астанада бірнеше автобустың бағыты уақытша өзгерді

Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірқатар автобус маршруттарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.  

Жолаушылар тасымалдаушы мекеменің ақпаратына сәйкес, мына автобус бағыттары өзгеріске ұшырады:

  • №10,
  • №12,
  • №21,
  • №29,
  • №29А,
  • №35,
  • №46,
  •  №50,
  • №70.

Қалалық мобилділік орталығының мәліметінше, қазіргі уақытта елордада бірнеше магистральда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар қоғамдық көлік қозғалысына тікелей әсер етуде.

Уақытша қолайсыздықтар тек жөндеу кезеңінде болады. Барлық бағыттар бойынша қозғалыс қалпына келтірілген соң, автобустар бұрынғы сызбасы бойынша жүреді, – деп хабарлады CTS.