Астанада бірнеше автобустың бағдары өзгереді
12.07.2023 22:15
Фото:
©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Астанада 6 автобустың бағдары уақытша өзгерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұған қаладағы жол жөндеу жұмыстары себеп болған.
Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін, №12, 40, 43, 47, 51, 53 автобус бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді. Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - деп мәлімдеді «City Transportation Systems» ЖШС.

