Жаңалықтар

Астанада бір түнде 50 мың текше метрден астам қар шығарылды

Қыс басталғалы елорда 1,3 млн текше метрден астам қардан тазартылған
Астанада бір түнде 50 мың текше метрден астам қар шығарылды
Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты 05.01.2023 23:41 1201

Астанада 4 қаңтардан 5-іне қараған түні қаладан полигондарға 50 мың текше метрден астам қар немесе 3 808 жүк көлігі шығарылды, деп хабарлайды El.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қыс мезгілінің басынан бері елордадан 1,3 млн текше метрден астам қар шығарылды, бұл 106 мыңнан астам жүк көлігінің көлеміне тең. Қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы, әсіресе кешкі және түнгі уақыттарда күшейтілген режимде жұмыс істейді. Сол сияқты қар күреу бағытын түзетеді.

Елордада күн сайын қар күреуге мыңнан астам арнайы техника мен екі мыңнан астам жол жұмысшы жұмылдырылды.

Астанада бір түнде 50 мың текше метрден астам қар шығарылды

Ең алдымен, ережелерге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. орындардың қары күреледі.

Астанада бір түнде 50 мың текше метрден астам қар шығарылды

Қыс мезгілінің басынан бері коммуналдық қызметтер қаладан 106 мыңнан астам жүк көлігі толы қарды шығарды. Бұл 1,3 млн текше метрден астам қар. Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда, кешкі және түнгі уақыттарда күшейтіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға