Жаңалықтар

Астанада Бейжің тіл және мәдениет университетінің филиалы ашылады

Астанада Бейжің тіл және мәдениет университетінің филиалы ашылады
Фото: Ақорда 03.07.2024 12:50 272

Ақордада Астанада Бейжің тіл және мәдениет университетінің филиалын ашу салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Салтанатты рәсімге ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек және ҚХР білім министрі Хуай Цзинь Пын, Астана халықаралық университетінің ректоры Серік Ирсалиев және Бейжің тіл және мәдениет университетінің ректоры Дуан Пын қатысты.
Екі елдің басшыларына Бейжің тіл және мәдениет университетіне қатысты арнайы бейнеролик көрсетілді.

Астана халықаралық университетінің негізінде атақты Бейжің тіл және мәдениет университетінің филиалы ашылмақ. Алғашқы 100 студентіміз биыл оқуын бастайды. Филиалды ашуға дайынбыз, - деді Саясат Нұрбек.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин филиалды ашуға өз рұқсаттарын берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға