Жаңалықтар

Астанада балалар бірігіп, 7 жасар баланы 12-қабаттан лақтырмақ болған

Астанада балалар бірігіп, 7 жасар баланы 12-қабаттан лақтырмақ болған
Фото: Видеодан кадр 10.09.2024 04:32 944

Астанада бір ауланың балалары достарын үйдің 12-қабатынан лақтырып жібермек болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция оқиғаға қатысы бар оқушылардың жеке басын анықтыды. Қазір іс шешім қабылдау үшін сотқа жіберілген. 

Заңды өкілдеріне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, жинақталған материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. Астана полициясы заңды өкілдерге кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу бойынша міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді, – делінген хабарламада. 

Оқиғаға қатысты Астана қалалық білім басқармасы да мәлімдеме жасады. Басқарманың мәліметінше, балалар пранк-видео түсірмек болған. 

Балалардың сөзінше олар пранк-видео түсіргісі келген. Осылайша олар көңіл көтеріп, өз әрекеттерінің қауіпті екенін түсінбеген. Ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, балалармен психологтар жұмыс істеуде. Ата-аналар зардап шеккен тараптан кешірім сұрап, түсіндірме хат жазып, психологтардың жұмысына келісімін берді, – делінген хабарламада. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға