Астанада Айғаным көшесіндегі учаске жөндеу жұмысына байланысты жабылады
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ
13.06.2023 09:46
657
Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қала ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, Айғаным көшесінде жол төсемін орташа жөндеу жұмысын бастайды. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жөндеу жүргізуге байланысты осы жылдың 13-15 маусым күндері аралығында Қ.Мұхамедханов көшесінен Қыз Жібек көшесіне дейінгі Айғаным көшесінің учаскесінде көлік қозғалысы толығымен шектелетін болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары жолдардағы кептеліс жағдайларын тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жетісу облысында газдандыру жұмысы қалай жүріп жатыр?
Келесі жаңалық
Павлодарда қария шаңғымен мұз астына түсіп кетті