Жаңалықтар

Астанада «Әйел құпиясы» қойылымы көрерменге жол тартты

Астанада «Әйел құпиясы» қойылымы көрерменге жол тартты
Фото: El.kz/Ажар Лаубаева 29.05.2024 22:00 1304

Бүгін Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында «Әйел құпиясы» спектаклінің премьерасы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қойылымның жанры – лирикалық драма. Авторы – Эдуардо Де Фелиппо. Қазақ тіліне аударған – Тасболат Омаров, ал қоюшы суретшісі – Ерлан Тұяқов.

Бұл спектакльде біздің қоғам үшін өзекті мәселелердің бірі тастанды, жетім балалар және жалғыз басты аналар тақырыбы қамтылған. Аталмыш қойылым балаларының болашағы үшін барын берген ана туралы.

Астанада «Әйел құпиясы» қойылымы көрерменге жол тартты

Астанада «Әйел құпиясы» қойылымы көрерменге жол тартты

Астанада «Әйел құпиясы» қойылымы көрерменге жол тартты

Суреттер: Ажар Лаубаева

Қазіргі таңда балалар үйінде қаншама сәби ана мейірімін сезінбей өсіп келеді. Ананың махаббатын көрмеген бала қатыгез болады. Қоғамның ең қасиетті құндылығы ана мен бала болуы тиіс.

Қоюшы режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов қойылымның көрерменге не беретіні жайлы айтты. Оның сөзінше, оқиғаның желісі бала мен ананың арасындағы сезімге негізделген.

Астанада «Әйел құпиясы» қойылымы көрерменге жол тартты

Сурет: Ажар Лаубаева

Қойылымда ана балалары үшін жанкешті әрекеттерге барады. Себебі ана баласын қандай болса да жақсы көреді. Олардың өскенде жақсы өмір сүргенін, сапалы білім алғанын қалайды. Бұл жерде махаббат тақырыбы қозғалды. Ер мен әйелдің арасындағы сезім уақыт өтсе де ескірмейді, махаббат екеуінің басын қосады, - деді Болат Ұзақов.  

Режиссердің сөзінше, әр адамның маңдайына жазылған тағдыры болады. Сол тағдырдан ешкім қашып құтыла алмайды.

Болат Ұзақов актерларды таңдау кезінде не нәрсеге басымдық бергенін атап өтті.

Спектакльде 10 әртіс өнер көрсетті. Әрбір актердің қойылымда көтеретін жүгі бар. Олардың қарым-қабілеті мен сырт келбеті сахнаға сәйкес келуі тиіс, - деді ол. 

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жанат Чайкина қойылымға дайындық барысында қандай қиындық көргені туралы айтып берді.

Астанада «Әйел құпиясы» қойылымы көрерменге жол тартты

Сурет: Ажар Лаубаева

Бізде бір ғана қиындық болды. Бастапқыда спектакльді қоямыз ба, қоймаймыз ба деп ойладық. Себебі қойылым біздің  менталитетімізге жат. Бірақ режиссер шығарма желісін өзгертіп, басқаша сахналайтынымызды айтты. Актерлармен 4 ай бойы дайындалып, спектакльді көркемдік кеңеске ұсындық. Олар еңбегімізге оң бағасын берді. Сөйтіп, біз қиындыққа қарамастан, қойылымды сәтті сахналап шықтық, - дейді Жанат Аңсабайқызы.

Бейбарыс Берікұлы аталмыш туындыда өзінің театрдағы алғашқы басты рөлін сомдап шыққан.

Астанада «Әйел құпиясы» қойылымы көрерменге жол тартты

Астанада «Әйел құпиясы» қойылымы көрерменге жол тартты

Суреттер: Ажар Лаубаева

Қойылымда «Умбертоның» рөлін ойнаймын. Театр аға буындарының қолдауының арқасында әдемі, жас, тәрбиелі, түзу жолда келе жатқан жігіттің образы шықты. Спектакльден ана мен бала арасындағы ерекше сезімді байқауға болады, - дейді актер.

Астанада «Әйел құпиясы» қойылымы көрерменге жол тартты

Астанада «Әйел құпиясы» қойылымы көрерменге жол тартты

Суреттер: Ажар Лаубаева

Спектакльде екі құрамда Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Жанат Чайкина, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Кеңес Нұрланов, Алтынай Нөгербек, Сырым Қашқабаев, Зибагүл Карина. Мәдениет саласының үздіктері Бақытгүл Батырханова, Аманжол Молдахмет, Самат Байыров, Асхат Сұлтан және театрдың жас актерлері өнер көрсетті.

Қарақат Сұлтанмахмұтқызы,

ЕҰУ-дың 2-курс студенті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға