Жаңалықтар

Астанада автобустармен тегін жүру шарттары өзгертіледі

Астанада автобустармен тегін жүру шарттары өзгертіледі
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 05.08.2024 16:30 399

City Transportation Systems (CTS) компаниясының баспасөз қызметі Астананың қоғамдық көлік жолаушыларына мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, жақын күндері оқушылар мен жеңілдігі бар азаматтар үшін виртуалды жол жүру карталары енгізіледі.

Валидацияны телефонның көмегімен QR кодты сканерлеу, валидаторға тигізу және басқа да ыңғайлы тәсілдер арқылы жүзеге асыруға болады. Осылайша көлік карталарын алып жүрудің қажеті болмайды, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар виртуалды картаны шығару және рәсімдеу онлайн жүзеге асырылады, оны рәсімдеу үшін пайдаланушыларға арнайы кассаға барудың қажеті жоқ.

Виртуалды карталарды ресімдеу және пайдалану тәртібі, сондай-ақ жобаны іске қосу мерзімі туралы толық ақпарат жақын арада CTS компаниясының ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде жарияланады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға