Жаңалықтар

Астанада автобустар жүре алмай жатыр

Астанада автобустар жүре алмай жатыр
Фото: Видеодан кадр 17.04.2023 09:42 1282

Астанада ауа райының күрт нашарлауына байланысты қала ішіндегі кейбір көшелермен қоғамдық көліктің жүруі қиындап кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Соның салдарынан автобус бағдарлары кешігіп жатыр. Бұл туралы CTS компаниясы мәлім етті.

Ауа райының нашарлауына байланысты (қар, көктайғақ, боран) көлік ағындары мен қоғамдық көліктің қозғалыс жылдамдығы төмендеді. Автобус бағдарлары кешігіп жатыр, - делінген хабарламада.

Қазір ішіндегі кейбір көшелермен қоғамдық көліктің жүруі қиындады. Елорда жолдарында коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істейді. CTS барлық жол қозғалысына қатысушыларды жолда мұқият болуға және бағдарларды алдын ала жоспарлауға шақырады. Барлық жүргізушілерді жолда мүмкіндігінше мұқият болуға, қауіпсіз қашықтықты сақтауға, жылдамдық режимін таңдауға, шұғыл тежеуді баспауды ескертті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға