Астанада автобус жолағымен жүруге рұқсат берілуі мүмкін
EL.KZ Информационно-познавательный портал
27.08.2022 06:30
Фото:
ашық дереккөзден
Елордада Bus Lane жолағымен көлік қозғалысына рұқсат беру мәселесі қарастырылуда. Алайда аталған жолақпен тек кептеліс көп болатын уақыттан тыс кезде жүруге рұқсат етілуі мүмкін, деп хабарлайды EL.KZ "City Transportation Systems" компаниясына сілтеме жасап.
Компания қала тұрғындарын осы мәселені шешуге атсалысуға шақырды.Мұндай шешім қабылданған жағдайда автобустарды күту уақыты едәуір артатынын да ескерген жөн. Бөлінген автобус жолағы жедел жәрдем, өрт сөндіру қызметтері сияқты арнайы көліктердің де кедергісіз қозғалуға ықпал еткендігін атап өту маңызды. Олардың келу уақыты да айтарлықтай қысқарды, - делінген компания хабарламасында.
Бұл жағдайға бей-жай қарамайтын және Bus Lane-ді тек автобустар мен арнайы көліктерге қалдыру туралы шешімді қолдауға дайын адамдар біздің парақшамыздың профиліндегі сілтеме бойынша өтіп, дауыс бере алады, - деп хабарлады компания.
Айта кетейік, бүгін елорданың 27 көше учаскесінде жалпы ұзындығы 72,4 км болатын Bus Lane іске қосылды. Bus Lane арқылы қоғамдық көлік қозғалысының тиімділігі 25% - ке жетеді және жол жүру уақыты 10 минутқа қысқарды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

