кадр из видео

Астанада автобус өртенді

09.12.2024 15:50

Елордада қоғамдық көлік өртке оранды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін Байқоңыр ауданында А.Бараев көшесі бойында маршруттық автобустың төбесі жанған.

Астананың өрт сөндірушілері оқиға орнына дереу жетіп, өртті 9 минутта сөндіріп үлгерген.

ТЖМ өрт шыққан жағдайда дереу 112 нөміріне қоңырау шалу қажеттігін ескертеді.