Астанада автобус бағанға соғылды: қылмыстық іс қозғалды
03.06.2025 10:32
Фото:
©Astanovka98
Астанадағы автобустың бағанға соғылып, он адам зардап шеккен жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы жайтқа байланысты Қылмыстық кодекстің «Абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтірген жол жүрісі ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Оқи отырыңыз:
Тергеу барысында анықталғандай, жолаушыларды тасымалдап келе жатқан автобус жүргізушісі маневр жасау кезінде көлік тізгініне ие бола алмай қалып, жол бойында тұрған бағанаға соғылған.
Жол апаты салдарынан бірнеше адам жарақат алып, оларға дер кезінде медициналық көмек көрсетілген. Бір адамға шұғыл түрде операция жасалды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

