Жаңалықтар

Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі 14.10.2023 15:50 849

Астанаға бұл жолы тауарларын Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары әкелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Қала тұрғындары кезекті жәрмеңкеге таңертеңнен бастап ағылып келе бастады. Мұнда ет, сүт өнімдері, көкөністер мен жемістерді арзан бағада сатып алуға болады.

«Бүгін жәрмеңкеге алғаш рет келіп тұрмын. Мұнда Катонқарағайдың танымал балын алғым келді, одан бөлек жұмыртқа, сүзбе және қаймақ сатып алдым. Ертең тағы да келемін, өйткені бүгін бәрін көтеріп әкету қиын», – дейді елорда тұрғыны Светлана Алексеева. 

Екі өңірдің шаруалары елорда тұрғындары үшін түрлі өнімдерін жеткізді. Оның ішінде: 49,2 тонна бал, 2 тонна шұжық өнімдері, 8 тонна сүт өнімдері, 16 тонна өсімдік майы, 3 тонна ұн мен жарма, 9 тонна балық, 29,8 тонна мал, құс еті, 4 тонна қымыз және ұлттық өнімдер, 700 литр алкогольсіз сусындар және басқалар.

Жәрмеңке дәстүрлі түрде сенбі және жексенбі күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін Тәуелсіздік даңғылы, 50 мекенжайындағы Шабыт университеті ғимаратының жанындағы алаңда өтеді.

 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға