Астанада ауқымды ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында Астанада 10-11 мамыр аралығында қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жәрмеңкеде Қазақстанның түрлі өңірлерінен жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жеміс-жидек, ет, ұн және сүт, сондай-ақ кондитерлік өнімдерді, табиғи шырын және тағы да басқа азық-түлік түрлерін сатып ала алады.
Қала әкімдігінің ақпаратынша, жәрмеңке 10 және 11 мамырда сағат 07:00-ден 19:00-ге дейін Н.Тілендиев даңғылы №12а мекенжайындағы «Koktal» сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.
Айта кетейік, елордада Бейбарыс Сұлтан көшесі, 23 («Рио-де-Жанейро» ТК қарама-қарсы) мекенжайында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жұмыс істейді. Ол күн сайын сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін ашық болады.
Ыңғайлы болу үшін жәрмеңкенің жанынан мына автобус маршруттары жүреді: № 2, 32, 49, 50, 73.

