almaty.tv

Астанада ауа райына байланысты трасса жабылды

03.01.2023 09:22

Ауа райының бұзылуына байланысты Астана қаласының аумағымен өтетін республикалық маңызы бар трассада қозғалыс тоқтатылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«3 қаңтар сағат 08.00-ден бастап ауа райының нашарлауынан (желдің күшеюі, боран, жолдың дұрыс көрінбеуі) республикалық маңызы бар «Екатеринбург - Алматы» автожолының (1003 – 1247 км аралығы) «Астана қаласы – Атбасар қаласы» учаскесі көліктің барлық түрлері үшін жабылды», - делінген 109 IKomek қызметінің хабарламасында.