Астанада ата-аналар үшін ашық есік күні өтеді
Елорданың алты ауданында ата-аналар мен балалардың заңды өкілдері үшін мектепке дейінгі ұйымдарда ваучерлік қаржыландыру жүйесін түсіндіру бойынша «Ашық есік күндерін» өтеді. Бұл туралы елордалық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әкімдік мәліметінше, 2025 жылдың қаңтарында Астанада мектепке дейінгі ұйымдар үшін ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізіліп жатыр. 2024 жылдың қараша айынан бастап білім басқармасы дайындық іс-шараларын бастады, оның аясында басқарма қызметкерлері мен басшылығы тәжірибе алмасу үшін Шымкент пен Таразға жіберілді.
Бүгінгі күні білім басқармасымен келісілген «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамымен бірлескен жол картасы бекітілді.
Осы жылдың 17 желтоқсанынан бастап білім басқармасы «Қаржы орталығы» АҚ-мен бірлесіп мемлекеттік білім беру тапсырысын алу, ваучерлік қаржыландыруға көшу, әдістемелік және техникалық өзгерістер бойынша жеке және мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарды оқыту бойынша жоспарланған іс-шараларды өткізеді.
«Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарының ваучерлік қаржыландыруға көшуі» тақырыбындағы оқыту семинарына 600 басшы мен мектепке дейінгі ұйымдардың жауапты мамандары қатысты, - деді басқарма басшысы.
Осылайша, «INDIGO» ақпараттық жүйесін жаңарту және санаттарға кезекті бөлу бойынша жұмыс осы жылдың 26-30 желтоқсаны аралығында жүргізілетін болады. Көрсетілген күндері жүйеде қызметтер қолжетімсіз болады.
Сонымен қатар, 24-27 желтоқсан аралығында сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қаланың 6 ауданында ата-аналар мен балалардың заңды өкілдері үшін «Ашық есік күндері» өткізіледі:
Алматы ауданы: әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы, Б. Момышұлы даңғылы, 5.
Байқоңыр ауданы: № 8 мектеп-лицей, С. Сейфуллин көшесі, 50.
Есіл ауданы: Д.Қонаев атындағы №66 мектеп-лицей, Д.Қонаев көшесі, 33/1.
Нұра ауданы: №79 мектеп-лицей, М.Нәрікбаев көшесі, 3.
Сарыарқа ауданы: М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы, А. Мәмбетов көшесі, 1.
Сарайшық ауданы: №93 мектеп-лицей, Ж.Нәжімеденов көшесі, 24.
Сондай-ақ ата-аналарға әдістемелік көмек алу үшін мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар жанындағы консультативтік пунктерге немесе туындаған сұрақтармен Астана қаласы білім басқармасының мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөліміне: 55-68-64, 55-72-49, 55-68-74 телефондары арқылы жүгінуге болады.