gov.kz

Астанада Astana International Challenge 2025 халықаралық бадминтон турнирі аяқталды

21.12.2025 21:20

Елордада Astana International Challenge 2025 халықаралық бадминтон турнирі өз мәресіне жетті. Жарысқа дүниежүзінің 43 елінен 200-ден астам спортшы жиналды. Олар 5 күн бойы 4 ойын кортында сайысып, 5 санат бойынша жүлделерді сарапқа салды.

Турнир аймақтағы ең ірі халықаралық бадминтон бәсекелерінің біріне айналып, әлемдік стандарттарға сай ұйымдастырылғанын, сондай-ақ тартысты бәсеке мен жоғары деңгейдегі шеберлікті көрсетті.

Жарыс нәтижелері:

Аралас жұптар (Mixed Doubles):

1 орын – Bimo Prasetyo / Arlya Nabila Thesya Munggaran (Индонезия)

2 орын – Mihajlo Tomic / Andjela Vitman (Сербия)

3 орын – Ming Hong Lim / Stella Pan (Малайзия / АҚШ)

3 орын – Bhavya Chhabra / Vishakha Toppo (Үндістан)

Ерлер жұптары (Men’s Doubles):

1 орын – M. Ardianto / Rahmat Hidayat

2 орын – Rodion Alimov / Maksim Ogloblin

3 орын – A. Rayhan / D. Wahyudi

3 орын – A. Prasetya / Pulung Ramadhan

Әйелдер жұптары (Women’s Doubles):

1 орын – Polina Buhrova / Yevheniia Kantemyr (Украина)

2 орын – Lanny Tria Mayasari / Amallia Cahaya Pratiwi (Индонезия)

3 орын – Gabriela Stoeva / Stefani Stoeva (Болгария)

3 орын – Ji Young Bin / Koo Bo Eun (Корея Республикасы)

Әйелдер арасындағы жекелей сында (Women’s Singles):

1 орын – Thalita Ramadhani Wiryawan (Индонезия)

2 орын – Polina Buhrova (Украина)

3 орын – Dalila Aghnia Puteri (Индонезия)

3 орын – Tanya Hemanth (Үндістан)

Ерлер арасындағы жекелей сында (Men’s Singles):

1 орын – Muhamad Yusuf (Индонезия)

2 орын – Prahdiska Bagas Shujiwo (Индонезия)

3 орын – Enogat Roy (Франция)

3 орын – Daniil Dubovenko (Израиль)

Astana International Challenge 2025 турнирі Астананың халықаралық спорт алаңы ретіндегі мәртебесін тағы бір мәрте дәлелдеп, әлемдік бадминтон күнтізбесіндегі маңызды оқиғалардың біріне айналды.